Қазақстан мен Әзербайжан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

599

Әзербайжан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің барлық бағыттар бойынша екіжақты өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтті. Аса жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай алдағы іс-шаралар талқыланды.

ҚР СІМ басшысы әзербайжандық әріптесін келе жатқан Республика күнімен құттықтап, Әзербайжан халқына өркендеу мен бақ-береке тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -