Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған нысандар жайлы айтты

1335
Фотосурет: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандар қашан аяқталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Құрылысы ұзаққа созылған нысандар кезек бойынша жанданып жатыр. Тоқтап тұрған тұрғын үй кешендерін аяқтау бойынша ауқымды жұмыс жүруде. 150 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 90-ы аяқталды. Қалған 60 нысанды биыл және келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Бүгін қаланы аралау барысында «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен таныстым. Құрылысы ұзаққа созылған бұл нысанда 300-ден астам үлескер отбасы бар. Олардың бәрі жылдар бойы баспаналарын күтіп келеді. Бұл нысанды аяқтау үшін инвестор жұмылдырылды.

Витраждарын, терезелерін орнату, ішкі желілерді жүргізу жұмыстары жүріп жатыр, бір жерінде жабынын төсеу, сол сияқты монолитті жұмыстар және т.б. Тұрғын үй кешенін биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 16 мың үлескердің 13 мыңының проблемасы шешілді. Дегенмен әлі де 3 мың үлескер отбасы бар. Олардың үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар», – деп жазды елорда әкімі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -