Елорданың спорт инфрақұрылымдары қалай дамып жатыр

1584

Нұр-Сұлтанда 1016 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 32 ірі спорт нысанында күн сайын 7 000-нан астам адам шұғылданады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жалпы тұрғындар үшін жаппай дене шынықтырумен айналысуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін елорданың төрт елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (ДСК) құрылысы жоспарланған. Олардың екеуі Көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде пайдалануға берілді. Қазір мұнда оқу-жаттығу сабақтары жүріп жатыр. Ал Үркер және Теміржолшылар елді мекенінде (ДСК) 2023 жылға жоспарланып отыр.

Қаланың шет аумақтарының тұрғындары, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спортпен шұғылдануға қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету, спортты, сол сияқты салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында елорданың өзге аудандарында да спорт ғимараттарын салуды жоспарлау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Сонымен қатар, Қ.Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы мен «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылға жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласының спортшыларын дәрігерлік және динамикалық тұрғыда бақылау үшін спорттық медицина орталығын ашу жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатта қалпына келтіру, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізу мүмкіндігі беріледі.

Қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

- кәсіби тексеру және медициналық көмек бөлімшесі;

- оңалту және рекреация бөлімшесі;

- спорттық медицина және спорттық тамақтану бөлімшесі;

- психоәлеуметтік көмек бөлімшесі.

Орталық күн сайын медициналық тексеру үшін 100 адамды қабылдайтын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -