Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

1102

Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -