Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұланның «Әскери керней» әскери оркестрлер фестивалі аяқталды

1776

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жүлдесіне арналған үш күндік "Әскери керней" әскери оркестрлер фестивалі өз мәресіне жетті. Биылғы фестиваль еліміздің Астана күніне және Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Биыл байқауда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үздік әскери оркестрлері қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үлгілі-үлгілі оркестрі, Ұлттық ұлан Академиясының әскери оркестрі, ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік", "Орталық", "Батыс" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының құрамалы әскери оркестрлері 5573 әскери бөлімінде өзара сайысқа түсіп, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. 

Өздерінің өнерімен әділ-қызылар мен көрермендерді тәнті еткен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестірі сайыстың Гран-при жүлдесін ұтып алды.  1 – орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылғының әскери оркестірі алды. 2- орынды «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери ұжымдары өзара бөлісті. 3 – орынды Ұлттық ұлан Академиясының музыканттары қаңжығасына байлады.

Содан кейін, сағат 18.00-де "Нұржол" орталық бульвары бойынша "Хан Шатыр" СОО-дан "Бәйтерек"монументіне дейін әскери оркестрлердің шеруі өтті.  Оған қала тұрғындары мен қонақтары куә болды.

Ал, 24 маусым күні сағат 20.00 – де Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрдың жазғы сахнасында "Әскери керней" фестивалінің Плац – концерті өтті. Фестивальдың  финалдық бөлігіне Ұлттық ұланның үздік әскери оркестрлерінен бөлек,  Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауыл ротасы (Президенттік оркестр), Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жиынтық оркестрі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі қатысты.

- Бүгін біз игі дәстүрге айналған әскери оркестрлер арасындағы тоғызыншы әскери-музыкалық фестивалдің қорытынды бөлігіне, яғни  шарықтау шегіне куә болып отырмыз. Аталмыш фестиваль Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналуда.

Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының күштік құрамдас бөлігі ретінде қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде келеді. Жауынгерлеріміз  уақытпен есептеспей азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жолында жүр,-деген ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов фестиваль қатысушылары мен қонақтарын өз алғысын білдірді.

- Барлық шығармашылық ұжымдарға зор денсаулық, шығармашылық жұмыста биік белестерді  бағындыруларын, сондай-ақ Отанымыздың гүлдену жолындағы қажырлы әскери қызметтеріне толайым табыстар тілеймін,-деп өз ойын қорытындылады.

Содан кейін, салтанатты жағдайда үздік әскери оркестрлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс еттті.

Жыл сайын әскери оркестрлер фестивалі айтулы мәдени оқиға болып табылады және елорда тұрғындары мен қонақтарының ұмытылмас жарқын әсерлерін қалдырады. Ол әскери, классикалық, халықтық және эстрадалық музыканы, парад-дефилені, плац-концертті және әскери қызметшілердің қарумен орындайтын көрсетілімдерін үйлесімді көрсетеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -