EXPO іскерлік орталығының аумағында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін EXPO Camp әмбебап кеңістігі ашылады

1170

25 маусым күні сағат 18:00-де EXPO іскерлік орталығының аумағында демалыс және мереке күндері мәдени-ойын-сауық бағдарламасы бар EXPO Camp әмбебап кеңістігі іске қосылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

EXPO Camp – бұл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін VAN Life стилистикасында аспан астында таза ауада қызықты және мазмұнды демалуға, отбасымен, достармен және әріптестермен кездесуге, музыка тыңдауға, шығармашылық шеберлік-кластары мен спорттық жарыстарға қатысуға, үстел ойындарын ойнауға және жай ғана ыңғайлы орындықтар мен гамактарға отыруға болатын бірегей кеңістік.

ЕХРО Camp кешені мыналарды қамтиды:

  • Bus lounge – келушілерге арналған үстелдері мен отыратын орындары, көше шатыры мен подиумы бар қайта жабдықталған автобус;
  • балаларға арналған серіппелі батут;
  • балалардың қатысуымен ойындар, шеберлік-кластар және анимациялар өткізуге арналған балалар аймағы;
  • демалыс және мереке күндері кешкі мәдени-ойын-сауық бағдарламаларын өткізуге арналған техникалық жабдықтармен жарақталған, граффити қолданылған үлкен контейнерден қайта жабдықталған Арт-сахна;
  • іс-шараларды өткізуге арналған алаң (ойындар, шеберлік-кластар, интерактивтер және т. б.);
  • кешеннің аумағы «Ретро шамдармен», гүлдермен және ағаштармен безендірілген, сондай-ақ түрлі отыратын орындармен (орындықтар, гамактар, креслолар, паллеттерден жасалған орындықтар және т.б.) жабдықталған.

Бұдан басқа, мәдени-ойын-сауық бағдарламасын іске асыру шеңберінде мультфильм және ертегі кейіпкерлерінің костюмдерінде аниматорлардың қатысуымен тақырыптық мастер-класстардың 10 түрін өткізу, сондай-ақ демалыс және мереке күндері кешкі бағдарламаларды өткізу жоспарлануда.

Кеңістік күн сайын қыркүйектің соңына дейін жұмыс істейді.

Іс-шаралардың толық кестесі мен мәліметтерін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының ресми сайты мен Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунтынан біле аласыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -