Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай арнайы квест сайысы өткізілді

1247

Ақпарат құралдары мен бұқаралық-медиа және телекоммуникация қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсанында Шымкент қаласы ТЖ департаменті өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша арнайы квест сайысын ұйымдастырып өткізді. Сайысқа жергілікті телеарналар мен баспадан 4 команда қатысты. Әр командада 2 адам болды. Сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1 кезең - командаларды таныстыру , 2 кезең – жауынгерлік киім кию, 3 кезең- шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабаттағы терезесіне көтерілу, 4 кезең- жауынгерлік қанат жаю, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Барлық жоспарланған кезеңдер өтті, квест қатысушылары жауынгерлер арасындағы үйлесімділік пен өзара түсіністіктің маңыздылығын түсінді. Өткізілген кезеңдердің нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды: 1-орынды «Оңтүстік» телеарнасының өкілдеріне «Оңтүстік алғырлары» командасына бұйырды, «Отырар» телеарнасының «Отырар» командасының қатысушылары 2-орын алды, «ХанТВ» телеарнасының журналистері 3-орын алса, республикалық «Әділет» газеті өкілдеріне қатысқаны үшін алғыс білдірілді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, дипломдар табыс етілді.

Өрт сөндіру-құтқару квестінің бас төрешісі ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев лайықты сыйлықтарды табыстай отырып, тығыз ынтымақтастық үшін өз алғысын білдірді. Ал шымкенттік журналистер өрт сөндіруші рөлінде өзін сезінудің бірегей мүмкіндігі үшін басшылыққа алғыс білдірді. Іс-шара соңында барлық журналистер өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегі күрделі ғана емес, аса ауыр және қауіпті деген пікірге келді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -