Қазақстандық фермерлерге берілетін қаржыландыру көлемін қалай арттыруға болады?

1205
Фотосурет: АР

Фермерлерді «түскен өнім» есебінен қаржыландыру әбден мүмкін. Алайда бұл үшін саланың ашықтығы арта түсуі керек және инвесторлар құқығы блокчейн технологиялары арқылы қорғалған болуға тиіс. Бұл туралы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жанасыл ОСПАНОВ Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Жетінші АӨСШК бизнес-форумында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда елде электронды аграрлық қолхаттар енгізу жобасы бүгінде  АХҚО мен «Атамекен» ҰКП бірлесе жасап жатыр. Сервис фермерлерге арналған аграрлық қолхаттар жазып беруге мүмкіндік береді. Олар арқылы болашақта ауылшаруашылық өнімдерді жеткізгені үшін қаржы немесе тауар түріндегі несие алуға болады.

«Біздің бағам бойынша, алғашқы 2-3 жыл ішінде аграрлық қолхаттар бойынша қаржыландыру бойынша қосымша қаржыландыру көлемі 600 миллион АҚШ долларына тең болмақ. АӨК-тің қаржыландыру бойынша жылдық қажеттілігі шамамен 6-7 миллиард АҚШ доллары екенін есепке алсақ, бұл көп сома емес. Қаржыландыру көлемі аграрлық қолхаттармен жұмыс істеу мәдениеті артқан сайын өсе түседі», - деп санайды Жанасыл ОСПАНОВ.

Ақпараттық жүйе автоматты түрде аграрийді, оның несие тарихын, техникасының бар-жоғын, компаниядан түсетін салықтық түсімдерді, сақтандыру және т.б. ақпаратты тексеретін болады.

Электрондық аграрлық қолхаттарды шығару, яғни қаржыландыруға шағын болса да, шын мәнінде жұмыс істеп тұрған сенімді компаниялар үміткер бола алады. Бұл ретте жүйе деректері бір уақытта бірнеше серверде (блокчейн) сақталады, бұл деректер қауіпсіздігін және оларға рұқсатсыз түзету енгізуден сақтайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -