Қазақстанның цифрлық ауыл шаруашылығы: келбеті, перспективалары, мүмкіндіктер

1544

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы басты проблемаларының бірі – қаржыландырудың қолжетімсіздігі. Бұл проблема әсіресе шағын және орта деңгейдегі шаруалар үшін өзекті. Сондықтан қолда бар цифрлық платформалардың әлеуетін пайдаланудың маңызы зор.

2016 жылы Қазақстанда «Qoldau» цифрлық платформасы жасап шығарылды. Оның көмегімен лицензиясы бар нан қабылдау кәсіпорындарының қызметі және астық қолхаттары цифрландырылды. Бұл иесіне астық алу құқығын беретін құнды қағаз борышқорлығы түріндегі қоймалық міндеттемелер. Бұған дейін мұндай қолхаттар арнайы қағаз бланкілер түрінде шығарылып отырды. Қазіргі таңда олар электронды түрде. Ал бұл құжаттардың ашықтығы мен алаяқтық тәуекелін азайтады. Осы жылдар ішінде астық қолхаттары бойынша шамамен 2 млн операция жүзеге асырылды, ал жүйедегі астық айналымы 3 млрд АҚШ доллары теңге сомасындағы 20 млн тоннаға тең болған.

2021 жылдан бастап Qoldau платформасында ҚҚС-нан артылған соманы қайтаруды жеңілдету бойынша «пилоттық» жоба іске қосылған. Жоба астықтың көлеңкелі айналымын азайтады. Астық операцияларының ашықтығын қамтамасыз етеді. Бастысы - құжаттарды тексеруді автоматтандыру есебінен ҚҚС қайтару мерзімдері айтарлықтай азаяды. «Пилоттық жоба лицензиясы бар қоймаларды ғана емес, сонымен бірге барлық қойманы қамтыған. Бұған жаңа цифрлық актив – астық токенін енгізу есебінен қол жетіп отыр. Яғни астықтың өндірушіден сатып алушыға дейінгі жолын есепке алудың цифрлық жүйесі жасап шығарылған. «Егістіктен шекараға дейін» қағидасы жолға қойылған.

Бүгінде «Qoldau» платформасында 257 мың қолданушы тіркелген. Жеке кабинеті арқылы адамдар түрлі цифрлық сервистерге қол жеткізе алады. Мәселен, субсидияларды бөлу сервисі арқылы фермерлер жыл сайын 600 млн АҚШ долларына тең мемлекеттік қолдау алып отыр. Жерлерді цифрландыру және цифрлық мониторинг жасау туралы сервис бар. Qoldau платформасында 100 млн гектарға жуық жер цифрландырылды. Бұл елдегі барлық ауылшаруашылық жерлердің 90%-ына тең. Qoldau-дың арқасында жарты миллионға жуық бірлік жер учаскесі, яғни егістік, жайылымдық жерлер, шабындық және бақшалардың цифрлық жобасы бар. Бұл осы жерлерде спутник арқылы мониторинг жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, платформада онлайн сақтандыру және несиелеу, жеңілдікпен берілетін дизель отынын үлестіру, электрондық алаң және т.б. сервистер жұмыс істеуде. Бұл қызметтердің барлығы ауылшаруашылығының ашықтығын арттыра түседі.

Біздің түпкі мақсатымыз – электронды аграрлық қолхаттар арқылы АӨК субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.

Электронды аграрлық қолхаттар (Бразилия мен Украина тәжірибесіне сүйенсек) фермерлерге цифрлық активтерді алдағы түсім есебінен түрлендіруге мүмкіндік береді. Шаруа тез арада бірнеше несие берушіге өтінім қалдыра алады, ал несие берушілер фермердің өндірістік тәжірибесі туралы ақпарат ала алады. Яғни несие беруші фермердің егістігі, оның активтері, несие тарихы, скоринг өткізуі және т.б. туралы шынайы ақпарат ала алады. Бұл ретте үлестірілген реестр технологиясын қолдану (яғни блокчейн) деректердің дәлдігіне кепіл болады. Бұл инвесторлар құқығын тиісті түрде қорғауға сеп болады. 

Бағамдай келе, аграрлық қолхаттар бойынша қосымша қаржыландыру көлемі алғашқы 2-3 жыл ішінде 600 млн АҚШ долларынан астам болмақ. АӨК 6-7 млрд АҚШ долларына жуық сомадағы жылдық қаржыландыруды қажет етенінін есепке алсақ, бұл көп сома емес. Алайда аграрлық қолхаттармен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасқан сайын, қаржыландыру қаражаты да арта түседі. Қазіргі таңда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы және «Атамекен» ҰКП бірлесе отырып, аграрлық қолхаттардың пилоттық жобасын әзірлеуде.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, АӨСШК бизнес-форумына қатысушы елдердің мамандары мен сарапшыларын цифрлық платформаларды дамытуға шақырамын. Бақылаушылар, белсенді пайдаланушылар және серіктестер ретінде. Тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыру барлығына пайдалы болады деп ойлаймын.

Жанасыл Оспанов, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -