88 жастағы тыл еңбеккеріне арнап Ұлттық ұлан әскери оркестрі өнер көрсетті

1285

Өскеменде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гагаринге барды. Жақында тыл еңбеккері 88 жасқа толды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов бастаған Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттау тобы Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетті.

Ұлттық ұлан әскери оркестрі үйдің ауласында соғыс жылдарындағы әндерді ойнады. Оркестрдің сүймелдеуімен ардагер Иван Федоровичке ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хаттары, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Содан кейін ардагер әскерилерді үйіне шайға шақырып, өзінің өмір жолы туралы айтты.

27 қыркүйекте Иван Федорович өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол еңбек жолын 7 жасынан  колхозда бұзауларды бағуға және көкөніс көшеттерін күтуге көмектесуден бастады. 

1954 жылы 1 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштеріне шақырылып, 33 жылға жуық қызмет етті.

1992 жылдан 1996 жылға дейін 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.

Марапаттары бар: III дәрежелі "КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызмет еткені үшін" Ордені, "В.И. Лениннің 100 жылдығына арналған әскери ерлігі үшін", "КСРО Қарулы

Күштерінің ардагері" медальдары және көптеген мерейтойлық медальдар.

Бүгінде ардагер "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының, ардагерлер ұйымының қоғамдық өміріне және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысады.
Сол күні полицейлер мен әскери қызметшілер интернационалист жауынгерлерді еске алу монументіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

- Бүгін республикалық тур аясында біз қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске аламыз. Көріп отырғаныңыздай, тас тақтада қаза тапқандардың есімдері  түсіп, соғыстың нақты суреттері бейнеленген. Мұндай іс-шаралар белгілі бір күндерде ғана емес, жиі өткізілуі керек. Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм және конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу біздің басты басымдығымыз. Сондықтан бейбітшілік пен тыныштық жолында өзін құрбан еткендерге тағзым етеміз, - деді Халық қаһарманы.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -