Көкөніс өнімдеріне бағаның төмендегені байқалады – Е. Қарашөкеев

1264
Фотосурет: АР

Қазіргі уақытта өңірлерде көкөністерді жаппай жинау жалғасуда. Мәселен, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша 1,3 млн тонна пияз, шамамен 2,4 млн тонна картоп, 348 мың тонна сәбіз және 470 мың тонна қырыққабат жиналды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев хабарлады.

«Бүгінгі таңда көкөніс өнімдеріне бағаның төмендегені байқалады. Мысалы, негізгі өндіруші өңірлерде пияз бағасы 30-50 теңгеге, картоп 95-100 теңгеге, сәбіз 85-100 теңгеге, қырыққабат 50 теңгеге дейін арзандады. Бұл көкөніс өндірушілердің көтерме бағасы. Бағаның өсуіне жол бермеу үшін әкімдіктер келесі жылдың қысқы және көктемгі кезеңіне арналған қорлармен қамтамасыз ету мақсатында көкөністер бойынша келісімшарттарға отыру жұмысын жүргізуде», - деді министр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -