FlyArystan жолаушысы аспанда 120 сағаттан астам уақытын өткізді

616

Қазақстандық FlyArystan лоукостері талдау жасап, жыл бойы ең жиі ұшатын жолаушыларды анықтады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бюджеттік әуетасымалдаушы қызметіне Ақтау қаласының тұрғыны – Иван Яковлев ең көп жүгінген екен. Осылайша ол жыл бойы 120 сағаттан астам уақытта 72 рейс бойынша қатынады. Оған қоса жиі ұшатын алғашқы он жолаушының әрқайсысы 60 реттей сапар шеккен екен.

«Мен FlyArystan-мен 2021 күзінен бастап ұша бастадым, дәл сол кезде басқа қалаға жұмысқа ауыстым. Лоукостердің ұшақтарымен жиі ұшып, отбасыммен жүздесіп тұру мүмкіндігіне ие болдым. Жерүсті көліктерімен салыстырсақ, бұл әлдеқайда жайлы және де жылдам тасымал түрі. Мысалы Атырауға жету үшін, небәрі 3 сағаттың ішінде мен әуежайдан/ға жетіп, тіркеуден өтіп, ұшаққа мініп, діттеген жеріме жетемін. Ал пойыз немесе автокөлікпен жол уақыты 10 сағатқа дейін созылады», - деп баспасөз қызметімен бөлісті Иван. «Бағасы, қызмет көрсету сапасы көңілімнен шығады, келешекте де сіздердің борттарыңызда ұшуға әзірмін» Иван Яковлев

Қазан айында әуекомпания қызметін қолдануға кеңес беру индексі (NPS) көрсеткіші 48 жетті. Бұл басқа халықаралық лоукостерлердің NPS көрсеткіштерімен салыстырғанда 3 есеге жуық жоғары екенін атап кеткен жөн.

Әуекомпания өз жолаушыларына лоукостерді таңдағандары үшін, бейілділік үшін және де қызметін қайталап пайдалануға дайындықтары үшін алғыс білдіреді. Сонымен бірге тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын бақылап, саяхатшылардың компанияға берген кері байланысын ескеріп, әрдайым сервисті жақсартуға тырысатынын мәлімдейді.

Бұдан бөлек, лоукостер бұрын-соңды әуе көлікпен сапар шекпеген саяхатшылар санын көбейту мақсатында түрлі науқандарды өткізеді. Мысалы, жылына бірнеше рет жеңілдіктерді ұсыну арқасында, биыл 65 мыңға жуық билеттер ішкі рейстерге және шет елдерге промо бағаға ұсынылды - ішкі рейстерге билеттердің орташа құны 5 мың теңге болса, өзге елдерге 25 мың теңгеге сатылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -