Ұландықтар Степногорск әкімінің кубогын иеленді

1564

30 қараша күні Ақмола облысының Степногорск қалалық «Кеншілер» мәдениет үйінде қалалық «Жайдарман – 2022» көңілді тапқырлар сайысы өткізілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жалпы сайыста 8 команда: «Степногорск», «Бір үйдің балалары» (Таулы-техникалық колледжі), «Жоғарғы разряд» (Степногорск жоғары колледжі), «5 элемент» (№5 көпсалалы мектеп-лицейі), «Техас» (Рудный қаласы), «Ұлттық ұлан» (3517әскери бөлімі), «Сенбі» (Астана қаласы) және «Жеті арыс» (№7 жалпы білім беру мектебі) командалары қатысты.

Сайыс «Таныстыру» және «Сұрақ-жауап» сынды екі кезең бойынша өткізілді. Барлық командалардың жоғарғы дайындықпен келгені ойын барысында және көрермендердің көңіл күйлерінен байқалды.

Қорытындылай келе, тартысты ойын нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ орынды «Жеті Арыс» командасына, ІІ орын «Техас» құрамасына берілді. Көп ішінен ұтымды ойларымен, сауатты әзілдерімен суырылып шыққан 3517 әскери бөлімінің «Ұлттық ұлан» жайдарман  командасы көрермендер жүрегін жаулап алды. Жеңімпаз атанған Ұлттық ұландықтар қала әкімінің Кубогы мен 100 000 теңгелік сертификатына ие болды.

"Мұндай байқаулар әскерилердің  арасында жиі өткізіліп тұрады. Әскери қызметшілер елдің қорғаны десек те, олардың да арасында әзілге орын бар!" бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Бинур Ырысқұлов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -