Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеді

561
Фотосурет: СР

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын - монополияға қарсы комплаенсті бұзудың алдын алу бойынша қабылданған шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен келесі сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілері әзірленіп, бекітілді: «ТД Ақмол» ЖШС, «Центр Торговли «Астыкжан» ЖШС, «Анвар» ЖШС. Соңғылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) шекті сауда үстемесінің мөлшерін 15% - дан 10% - ға дейін өз еркімен төмендетті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Сонымен қатар, нарық субъектілері қабылдаған монополияға қарсы комплаенс ӘМАТ өткізу нарығында соңғы жеткізушілердің адал бәсекелестікті сақтау бөлігіндегі мінез-құлық қағидаларын айқындайды. Осылайша, аталған нарық субъектілері бәсекелестікті шектеуге бағытталған бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер мен картельдерге, оның ішінде ӘМАТ-қа негізсіз бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша қатысуға жол бермеу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдады.

Сондай-ақ Департаментпен апта сайын, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында, тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайына мониторинг жүргізілетіндігін айта кеткен жөн.

Нарық субъектілері әлеуметтік маңызы бар тауарларға өнім берушінің босату бағасынан он бес пайыздан астам сауда үстемесін белгілеген жағдайда, уәкілетті органға (Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы) хабарлауды сұраймыз.

Заңның 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -