«Павлодар» ӘКК АҚ қызметінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды

508

Екібастұз қаласы прокуратурасының заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсынысын қарау, сондай-ақ «Павлодар» Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі –«Павлодар» ӘКК» АҚ) бұзушылық туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодар» ӘКК» АҚ бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша хабарлама шығарды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Павлодар» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (бұдан әрі – ӘМАТ) өткізудің электрондық шот-фактураларын зерделеу арқылы бірдей ӘМАТ (күріш, қант, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы) әртүрлі бағамен өткізу фактілері анықталды.

Осылайша, «Павлодар» ӘКК» АҚ-ның іс-әрекеттерінде Кодекстің 194-бабын бұзу белгілері анықталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 194-бабына сәйкес мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар берудегі бәсекелестікке қарсы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады.

Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы негізінде Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департамент«Павлодар» ӘКК» АҚ-ның атына нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылықты жағдайға қоятын артықшылықтар беруден бас тарту жолыменбәсекелестік заңнамасын бұзу белгілерінің болуы және оларды жою қажеттілігі туралы хабарлама жолдады. 

Хабарламаны орындау мерзімі – оны алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -