Қазақстандағы іскерлік белсенділік нашарлады – Ұлттық Банк

513
Фотосурет: СР

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Рост деловой активности отмечен только в секторе производства- Kapital.kz

Іскерлік белсенділік біршама нашарлап, индекс әлі де теріс көрсеткіш көрсетіп отыр. Құрылыста айтарлықтай нашарлау байқалады. Іскерлік белсенділік индексі жаңа тапсырыстар көлемі мен жекелеген секторлардағы жұмыспен қамту деңгейінің түсуі есебінен 48,7-ге дейін (қазанда – 49,2) төмендеді.

Іскерлік белсенділіктің төмендеуі өндірістен басқа барлық секторда байқалды. Өндірісте көрсеткіш аздап ұлғайып, 48,8 дейін көтерілді (қазанда – 48,6). Құрылыста және тау-кен өнеркәсібінде іскерлік белсенділік индексі тиісінше 44,7 және 48,4 белгісіне дейін (қазанда 47,2 және 50,4-тен) төмендеді. Қызмет көрсету секторында индекс мәні өткен айдағы деңгейде қалып, 49,2 (қазанда 49,3) құрады.

Кәсіпорындардың пікірінше, 2022 жылғы қарашада қазіргі бизнес жүргізу жағдайлары нашарлады. Ал алдағы 6 айдағы болашақ жағдайларға қатысты оптимизм жақсы.

Соңында бүгінгі және келешектегі бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес ахуалы индексі жақсарып, бизнес-циклдің «сағат» индикаторы көтерілді.

Кәсіпорындар коммуникацияларға қолжетімділіктің және дайын өнімге сұраныстың өзгеруін оң бағалады. Бизнес жағдайларының қалған факторларын бағалау бойынша теріс бағалау басымырақ болды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -