Сейсможаттығу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі

995

Бүгін 2 желтоқсанда Алматы шаһарында төтенше жағдай кезіндегі құлақтандыру жүйесінің дабылы қағылған сәтте Институт қызметкерлері сейсможаттығу нұсқауы бойынша сыртқа шықты. Шараның мақсаты жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтауға бағытталған. Оқу-жаттығу барысында ғимараттан 98 адам эвакуацияланып, жер сілкінісі кезінде практикалық іс-әрекеттер мен қатерге қарсы тұру дағдылары қалыптастырылды. Материалдық құндылықтарды қорғау және әрбір қабатта тәртіпті сақтау үшін посттар орнатылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Алматы сейсмикалық қауіпті ауданда орналасқан. Қауіп бар жерде қатер бар. Төтенше жағдайлар кезінде адам өмірі маңызды. Бүгін Алматыда сейсможаттығу жасаудың халық үшін үлкен мәні бар. Жалпы әрбір азамат үшін қатерге қарсы тұру және одан қорғану мәдениетін қалыптастыру заманның талабы» Дәулет Сәрсенбаев, Институт директоры
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -