Сенат Төрағасы Қытай Елшілігінде Цзян Цзэминнің қазасына байланысты көңіл айтты

635
Фотосурет: Н.Байбулин

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев ҚХР-дың бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминнің қайтыс болуына байланысты Қытай халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мәулен Әшімбаев Қытайдың Қазақстандағы Елшілігіне барып, Парламент Сенатының атынан көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ол Цзян Цзэминь ҚХР-дың дамуына үлкен үлес қосқанын, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Цзян Цзэминнің қазасына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. Онда екі ел арасындағы берік достықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан тұлға ретінде Цзян Цзэминнің жарқын бейнесі халықтарымыздың жадында мəңгі сақталатыны айтылған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -