Ақселеу Сейдімбек: «Ұлы даланың – дара тұлғасы» атты әдеби кеш

1207

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығынын лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдімбек Ақселеу Сланұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлы даланың – дара тұлғасы» Әдеби кешке Астана қаласының Еуразия гуманитарлық институтынын жоғарғы колледжінің 2 курс студенттері, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдер қатысады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Әдеби кеш аясында Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің өмірі мен қызметі туралы презентациясы, сонымен қатар жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылады.

Жобаның мақсаты кітапхананың кітап қорын пайдалана отырып, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және әдебиетімен тығыз байланысты есте қаларлық және атаулы күндерді жариялау, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу, ұлттық әдебиеттің рөлін арттыру болып табылады.

Ақселеу Сейдімбек (1942–2009 жж). Белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығынын лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -