1444

Айгүл мен Сағдат Нұрмахановтар отбасында үлкен қуаныш болуда. Олар қазан айының соңында үшемдердің ата-аналары болды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында Шу қаласының тұрғынынан екі қыз және ұл бала дүниеге келді. Бір қызығы, ерлі - зайыптылардың екі ересек қызы бар-1998 ж.т. Нұргүл және 2002 ж. т. Мадина, дегенмен 20 жылдан кейін ерлі-зайыптылар үйлерін балалар дауыстарымен толтырғысы келіп, жүктілікті жоспарлапты. IVF әдісімен әйел үшінші рет бірден үшемге жүкті болды. Балалар мерзімінен бұрын-жүктіліктің 30 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1446,0, 1481,0 және 1476,0 грамм. Ата-аналары оларға әдемі есімдерді таңдапты: София, Дания және Мұса. Осылайша, Нұрмахановтар отбасы бір сәтте көп балалы атанды.

Туылғаннан кейін сәбилерге қарқынды терапия қажет болып, олар 1 күн бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдады, содан кейін 2-ші күні олар анасымен бірге болу үшін неонатология бөліміне ауыстырылған.

Неонаталдық қызмет басшысы Талғат Толықбаевтың айтуынша, қазір үшемнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылған. Анасы нәрестелерді күтуге, емізуге және шомылуға үйретілді. Балалар салмақ қосып, әл-ауқаты жақсарып келеді. Ал бүгін олар үйіне шығарылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -