Этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті

1081

Алматы облысы, Қонаев қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ҚХА республикалық Медиация кеңесі отырысы шеңберінде этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Аталған іс-шара этносаралық шиеленістердің, этносаралық ксенофобия көріністерінің, зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу шараларын іске асыру, қоғамда толеранттылық және этносаралық келісім мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Іс-шара аудандық және ауылдық округтердің әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары, жалпы білім беретін мектептер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, азаматтық қоғам институттарының, ҚХА облыстық қоғамдық құрылымдарының өкілдері, сарапшылар мен БАҚ өкілдеріне арналып өткізілді. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -