Түркістандық параспортшылар әлемді мойындатты

842

Португалияның Вила-Реал-ди-Санту-Антониу қаласында спорттың жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, суға жүзу түрлерінен халықаралық жарыс өтті. Пара жеңіл атлетика сайысына 34 мемлекеттің атлеттері қатысып, кіл мықтылар анықталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

IWAS дүниежүзілік ойындарында облыстық мүгедектерге арналаған «Сауран» спорт клубының спортшылары бақ сынап, жоғары нәтижеге ие болды. Айтап айтқанда, сайыста ел намысын қорғаған Мұқан Айтмырзаев найза лақтырудан үздік үштіктің қатарынан көрінді. Темірбек Тоғанбай 100 метрге жүгіруден және диск лақтырудан қола медаль алды. Сондай-ақ, Шахрух Санвар 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіру мен ұзындыққа секіруден қола медальға қол жеткізді.

Спортшыларға жетекшілік жасап аталған турнирге арнайы барған спорт клуб директоры Абай Қазиевтің айтуынша, бұл додада жүлдегер атанудың өзі мәртебе. Әлем жұртшылығы алдында Көк байрағымыздың көкке көтерілуі күллі Қазақ елінің жеңісінің жемісі.

Жалпы Түркістан өңірі бойынша 130-дан астам параспортшы бар. Құрылғанына 1 жыл толған «Сауран» спорт клубының спортшылары облыс қоржынын 28 алтын, 23 күміс, 30 қола медальмен толықтырған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -