Түркиядан келген жүк тасымалдаушы ТЖМ күрежол пунктінен көмек сұрады

986

1 желтоқсанға қараған түні полицейлер тоңып қалған жүк тасымалдаушыны Өскемен-Семей тас жолында орналасқан «Привольное» күрежол медициналық-құтқару пунктіне алып келді. Оның жүк көлігі жолда бұзылып қалған екен, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шығыс Қазақстан облысындағы 34 градустық аязға байланысты жүк тасымалдаушы мінген «MAN» жүк көлігінің отын жүйесі істен шықты. Ер адам аязды күні суық жүк көлігінде бірнеше сағат өткізді, оны полиция қызметкерлері жолдан тауып алып, тексеру және медициналық көмек үшін ТЖМ күрежол пунктіне жеткізді.

Күрежол бойындағы пункт бригадасының қызметкерлері жүргізушінің ауа-райының қолайсыздығын сезінбеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Құтқарылған адам дәрігерлік тексеруден өтті, оған қажетті көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындамады.

Келесі күні сөніп қалған көлікті жөндей алмағандықтан, жүргізуші түнге қарай тағы да күрежол пунктіне оралды.  Бүгін таңертең көлікті оталдырып, жүргізуші жолға шықты.

Еліміздің күрежол қызметі қырық күрежол медициналық-құтқару пункттерінен тұрады. Олар еліміздегі автожолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде орналасқан.

ТМҚП-нің негізгі міндеті ЖКО зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету болып табылады. Қыс мезгілінде КМҚП бригадалары жолдарда тұрып қалған көліктердегі адамдарға көмекке келеді, қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушыларға арналған жылыту пункттері ретінде пайдаланылады, қажетті медициналық көмек көрсетеді.

Қыстың алғашқы айының өзінде күрежол пункттері бригадасының күшімен ақауы бар автокөліктерден 40-тан астам адам эвакуацияланды. Барлық жолаушылар мен жүргізушілер арнайы жылыту пункттеріне жеткізілді.

Жол бойындағы пункттердің жұмысының арқасында ТМҚП жауапкершілік аймағында кез-келген жүргізушіге немесе жолаушыға шұғыл жағдайда тегін білікті медициналық көмек алуға кепілдік беріледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -