Қазақстан нарығы өз қарақұмығымен толық қамтамасыз етілген: өндіріс көлемі 67% - ға өсті

801
Фотосурет: АР/ vm.ru

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында қарақұмық жармасы өндірісінің көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 66,9% - ға ұлғайды. 11 қазақстандық кәсіпорын 30 мың тоннаға жуық қарақұмық шығарды. Бұл ретте аталған жарманың орташа жылдық тұтыну көлемі 29,1 мың тоннаны құрайды. Осылайша, жылға толмайтын уақыт ішінде отандық өндірушілер ішкі нарықты қарақұмықпен толық қамтамасыз ете алды. Қарақұмықтың негізгі өндірушілері Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары болып табылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қарақұмық импорты биыл 80% - ға төмендеп, 600 тоннаны құрады. Мысал ретінде айтар болсақ, 2021 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін елге 3 мың тоннаға жуық қарақұмық жармасы әкелінді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -