2060 Декарбонизация стратегиясына арналған ұсыныстар талқыланды

866

Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, «COP-27: Қазақстанға қатысты қорытындылар мен перспективалар» тақырыбында ұлттық экономиканы декарбонизациялау туралы дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шараға Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі м.а. Джейн Эбингер, ЕҚДБ энергоресурстар департаментінің өңірлік басшысы Ерлан Рамазанов, Қазақстандағы ЕуроОдақ Үкіметінің достастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур, орталық мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. «Жасыл экономика» орталығының директоры Бақыт Есекина дөңгелек үстел модераторы болды.

Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев Қазақстан үшін 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу стратегиясы құрылымдық және институционалдық қайта құрулар үшін мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер әкелетінін атап өтті.

«Агенттік бұл құжаттың маңыздылығын түсіне отырып, оған ерекше назар аударады»,- деді ол.

Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Одақ және ЕҚДБ өкілдері Қазақстанның көміртекті бейтараптық бойынша үлкен әлеуеті барын айтып, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

«Декарбонизация –бұл бүкіл әлем алға қойған жол. Климаттық өзгерістердің қаупі бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, дағдарысқа ұшыратуы мүмкін, осыған орай «жасыл» экономикаға ауысу өте маңызды іс» - деп түйіндеді спикерлер. 

COP-27 Климаттық конференциясының қорытындысы туралы Экология министрлігінің өкілі Шаттық Тастемірова баяндады. Конференцияда қатысушылардың бейімделу әлеуетін арттыруға трансформациялық көзқарас, климаттық қаржыландыруды ұсынуды кеңейту, технологияларды беру және Париж келісіміне қатысушы елдердің ҰДАҮ шаралары үшін әлеуетті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылғаны атап өтілді.

«СОР-27 қатысушылары дамушы елдер үшін климаттың өзгеруінен болған шығындар мен залалдарды өтеуге арналған қор құру туралы келісті»,- деді ол. 

Экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бейсенғазин декарбонизация Стратегиясының негізгі бағыттарына тоқталды. Өзгерістер әсер етеді: энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік.

Сонымен қатар, ЕҚДБ өкілі Ян-Виллем Ван де Вен, Qazstandard бас директоры Ғабит Мұхамбетов және ЭЫДҰ өкілі Пелин Атамер қатысушыларды көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін қабылданып жатқан шараларға ұсыныстар мен қолдау білдіре отырып, стратегияны бекіту кезінде Қазақстанның ерекшеліктерін ескеруге шақырды.

Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова стратегиялық құжатта мақсаттарға қол жеткізудің сапалы индикаторларын көрсету қажеттігін айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, Әсет Ерғалиев бүгінгі күнге дейін Стратегия талаптарын қоғам өміріне енгізу тетіктері мен шаралары туралы сұрақтардың туындауына байланысты, салалық министрліктер өкілдерін дөңгелек үстелге қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын назарға алуға шақырды.

Тараптар стратегия жобасының мазмұнына өзгерістер енгізу үшін Үкіметке жіберілетін ұсынымдар әзірлеу шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -