Шетелдік нөмірлі автокөліктер биыл 27 қаңтардан бастап техникалық тексеруден өте алады

1413
Фотосурет: Depositphotos

2023 жылдың 27-ші қаңтарынан бастап міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы Қазақстанның барлық аумағында шетелдік автокөлік құралдарына техникалық тексеруден өту мүмкіндігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл ретте шетелдік нөмірлі автокөліктің иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталығының кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алатынын айта кетейік.

Аталған орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс уақыты ведомствоның сайтында (құжаттар бөлімінде) жарияланған тізімде көрсетілген.

Еске сала кетейік, былтыр 30-шы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылған еді.

Соған сәйкес «Жол қозғалысы туралы» Заңында қарастырылған 88-баптың 1-бөлігіне басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе кірген сәтттен бастап, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілуіне байланысты толықтырулар енгізілген болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -