Десантшылар оқу полигондарында жаңғыртылған техника мен жаңа тактиканы меңгеруде

877

«Қазақстан», «Жетісу» оқу-жаттығу полигондарында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің минаатқыштар есептоптарын үйлестіру аяқталды. Онда артиллеристер жаңғыртылған техниканы игеру, нысанаға тиген кезде тактикалық іс-қимылдарды пысықтау және жауынгерлік атыстың дәлдігін қамтамасыз ету тапсырмаларын орындады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар бізді артиллерияның ату және маневр жасау мүмкіндіктерін арттыру үшін жұмыс істеуге міндеттейді. Осы мақсатпен біз минаатқыштарды өтімділігі жоғары жеңіл автокөлікке орнаттық. Жол талғамайтын көліктер әуе көлігімен тасымалдауға және парашютпен қонуға жарамды. Бұл артиллериялық есептоптардың жауынгерлік мүмкіндіктері мен ұтқырлығын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары полковник Ерлан Әліқұлов

Бөлімшелерді даярлау барысында артиллериялық барлауды ұйымдастыру мен десанттық-шабуылдау бөлімшелері оқу атуды түзетушілерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану мәселелеріне де баса назар аударылды.

Қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың талдауы соққы бергеннен кейін позицияны жылдам өзгерту тактикасының өзектілігін көрсетіп отыр. Бұл ретте өтімділігі жоғары жол талғамайтын көліктің базасында артиллерияны пайдалану оң шешім болып табылады.

Полковник Е. Әліқұловтың айтуынша, жақын арада әскерлерде «Фагот» танкке қарсы зымыран кешенін қолдана отырып, практикалық атыс жүргізу жоспарланған.

Минаатқыштар есептоптарының жол талғамайтын көліктер мен «Фагот» кешенін пайдаланудағы іс-қимыл алгоритмін игеруін бағалау биылғы көктемде өтетін «Батыл тойтарыс» оқу-жаттығуында жүзеге асатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -