Astana Hub Battle: технологиялық стартаптар жарысы Алматыда алғаш рет өтті

844

Қазақстандық стартап Kwaaka – Алматыда бірінші рет өткен Astana Hub Battle жеңімпазы. Talknow командасы - екінші, kScooter үшінші орынға ие болды. ІТ-өнімдерін дамыту үшін үздік үштікке $10 000 (1-орын), $5 000 (2-орын) және $3 000 (3-орын) ақшалай сыйлық берілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2-3 ақпанда Digital Almaty 2023 халықаралық цифрлық форумы аясында Astana Hub Battle технологиялық стартаптардың ауқымды жарысы өтті. Додаға қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Норвегия, Чехия, Әзірбайжан, АҚШ, Үндістан және басқа елдерден 250 өтінім келіп түсті.

 

«Әрине, біздің стартапқа осындай жоғары баға берілгеніне ризамыз. Біз венчурлық тарих жасап жатырмыз.  Біз өткен жылы Kwaaka (ірі агрегаторлардың онлайн тапсырыстарын мекемелердің кассаларына тікелей біріктіру жобасы) іске қостық. Қазір Қазақстан мен Әзірбайжан нарығындамыз, Қырғызстанда келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыс нарығына шығуды жоспарлап отырмыз»  Мақсат Қадыров, Astana Hub Battle 2023 жеңімпазы, Kwaaka стартапының негізін қалаушы

Astana Hub Battle жартылай финалына қатысу үшін 100 IT-жоба таңдалды. Соның ішінде үздік 10 стартап финалға өтті -  See the future, Learn plants, Smart Uroki, Braille Recognition, Behype, Kscooter, Kwaaka, LOOKin, Talknow, Stem.

«Біз бұл баттлға алғаш рет MindLogistics жобамызбен қатыстық – бұл теңіз тасымалының барлық процестерін біріктіретін бірлескен израильдік-қазақстандық өнім. Елестетіп көріңізші, мұхитқа шыға алмайтын ел -  Қазақстанның жігіттері осындай жоба жасап жатыр, бірақ ол нарықтағы үлкен мәселені шешеді, экспорттаушылар/импорттаушылар қарапайым жүк жөнелту үшін 7-9 жүйемен өзара әрекеттесуі керек. Біз мұны бір терезеде жасай аламыз. Финалға өтетінімізге сенімді болдым, бірақ стартаптардың деңгейі жоғары болғаны сондай, олардан ұтылғанымызға өкінген жоқпыз»  Серік Бердалинов, Astana Hub Battle 2023 жартылай финалисті

Astana Hub Battle финалдық қазылар алқасының құрамы: СЕО My Ventures  Шахбоз Рахманов, СЕО White Hill Capital Алекс Бойцов, VC және бизнес-періште Бахыт Ниязов, MOST Ventures басқарушы серіктесі Мират Ахмедсадықов, Astana Hub басқарушы директоры Алина Абдрахманова, жеке инвестор Талғат Исмаил, СЕО Freedom Holding Corp Тимур Турлов.

«Жеңімпазды таңдау өте қиын болды - әртүрлі елдер, әртүрлі бағыттар, стандарттан тыс шешімдер, өте қызықты командалар. Азаматтардың ұтқырлығы саласында да, білім беру саласында да инклюзивті дамытуға бағытталған жобаларды көру қуантты. Біз, яғни ұйымдастырушылар жүлде қорын ұлғайтып, батлдарды тұрақты түрде өткізуді жалғастыру керектігін түсіндік. Бұл стартаптар бағалы сыйлықтар ұтып қана қоймай, әлемге өзін танытатын алаң. Ал стартаптар үшін мұндай мүмкіндік инвестициядан әлдеқайда маңызды деп ойлаймын» Алина Абдрахманова, Astana Hub басқарушы директоры және Astana Hub Battle 2023 қазылар алқасының мүшесі 

Айта кету керек, Astana Hub Battle қорытындысы бойынша бірқатар стартаптар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, батл демеушілері екі финалистке арнайы ақшалай сыйлық табыс етті: Braille Recognition - смартфон камерасына түсірілген суреттерден Брайл шрифтін тануға арналған өзбекстандық мобильді қосымшасына Yandex Cloud 6 миллион, ал қазақстандық See The Future стартапы - зағип жандарға көмектесетін интеграцияланған қосымшасы бар құрылғыдан тұратын экожүйе иелеріне Blockchair $10 000 табыстады.

Еске салсақ, 2023 жылдың 2-3 ақпанында Алматыда V Халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы өтіп жатыр. Форумда инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері талқылануда. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді.

Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастыруда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -