Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады

2588

Тараз қаласында халықаралық деңгейдегі туризмді дамыту аясында Зербұлақ көлінде еліміздегі ең ірі мәдени-сауықтыру отбасылық демалыс аймақтарының бірі салынуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық директоры Арнольд Герингтің айтуынша, бұл аймақ Зербұлақ көлінен бөлек, Орталық Азиядағы ең ірі аквапаркты, аллеяны, бес жұлдызды қонақ үйді, SPA-орталықты және де қызмет көрсету саласын қосқанда, ойын-сауық орталығы типі бойынша бірыңғай кешен ретінде жұмыс істейтін объекті болмақ.

Зербулак-2.JPG

Кешен құрылысына көптеген құрылыс техникасы тартылып, 40 жаңа жұмыс орны ашылды. Аквапаркті пайдалану кезінде 20-дан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жоба бірінші кезеңінің құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Аттракциондардың 14 түрін және толқын тербелісі бар бассейннің генерациялау жүйесін («Polin», Түркия), аттракциондарындағы су айналымы жүйесі жабдықтарының 6 түрін («Gemas», Түркия), сондай-ақ, сырғанауға арналған толқын тербелісі бар бассейндерді, балаларға арналған және де дренажды бассейндердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған («Gemas», Түркия) жабдықтарды орнату жоспарланған. Суды тазарту жүйесіне ерекше назар аударылады. Сатып алынатын аттракциондар халықаралық стандарттарға ие және қажетті талаптарға сәйкес келеді.

Бұл кешенді іске асыру қаланың және жалпы облыстың экономикалық және туристік әлеуетін жақсартады, сонымен қатар Тараз қаласының тартымды имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді деп күтілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -