Қарағанды NIS оқушылары сынық жарақат кезінде сүйектерді электростимуляциялау әдісін қолдануды ұсынады

886

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары шетелдік тәжірибені зерделеп, сынық жарақаттар кезінде сүйектердің бітуін электростимуляциялау әдісін тәжірибеге енгізуді ұсынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олар өз жобаларын оқу орнының он жылдығына арналған ғылыми жұмыстар көрмесінде ұсынды.

Жарақаттың емделуін жеделдету үшін сүйекті электрмен ынталандыру сынықтарды емдеудің тиімді балама әдістерінің бірі болып табылады, дейді тоғызыншы сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Сұлтанби Исатай. Олардың пікірінше, сынған сүйектерді емдеудің классикалық әдісі – гипспен қозғалысты шектеу – ескірген. Ол тәсіл сүйек тінінің бірігуі үшін де, одан әрі қалпына келуі үшін де ұзақ уақытты қажет етеді. Электростимуляция әдісі сүйек тіндерінің регенерация процесін тездетеді, дейді жас ғалымдар.

– Электрлі ынталандыру кейбір шетелдік клиникаларда қолданылады. Қазақстанда бұл әдіс пациенттердің тез қалпына келуіне ықпал ететініне қарамастан әлі қолданылмайды. Ғалымдардың пікірінше, егер үш ай ішінде 3–9 амперде зақымдалған сүйек аймақтарына электрлі ынталандыру жүргізілсе, онда сынған жердің бітіп кету уақыты үш айға дейін қысқарады. Ал әдеттегі емдеу кезінде кейде тоғыз айға дейін уақыт кетеді, – дейді оқушылар. – Біз өз жобамызда осы әдісті қолданудың барлық артықшылықтарын көрсеттік. Травматологтар бізге құлақ түріп, оны ескерсе екен дейміз.

Мектептің мерейтойына арналған ғылыми жобалар көрмесінде сонымен қатар тоғызыншы сынып оқушылары Дильназ Тәтібекова мен Айнара Құрмаштың да жұмыстары қойылды. Олар "Археологиялық экспедиция" ойынын құрды, оның көмегімен оқушыларға тарих бойынша күрделі тақырыптарды қызықты түсіндіруге, сондай-ақ Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетінен ажыратуды үйретуге болады. 

– Бұл ойынды тарих сабақтарында кезеңдерді талдау кезінде қолдануға болады. Болашақта біз бұл ойынның мобильді қосымшасын оқушылардың кең ауқымына қолжетімді ету үшін әзірлеуді көздеп отырмыз, – дейді Дильназ Тәтібекова.

Көрмеде барлығы оннан астам түрлі жобалар ұсынылды, олардың ішінде ақылды тұрақ, өсімдіктерден экдистерон субстанциясын алу және т. б.

Қарағандыда 2013 жылдың ақпан айында химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Осы жылдар аралығында оқу ордасынан 946 оқушыны түлеп ұшты, олардың 494-і қазақстандық жоғары оқу орындарына, 249-ы ұлттық университеттерге, 203-і шетелдік жоғары оқу орындарына түсті.

– Біздің 22 түлек әлемнің топ-100 кіретін оқу орындарына түсті, олардың арасында Шырмауық Лигасының университеттері бар. Бізде 56 магистр, төрт Phd докторы, бір ғылым кандидаты жұмыс істейді, – деп атап өтті мектеп директоры Равиль Якупов. – Мектептің 946 түлегінің 97-сі оны үздік бітіріп, тағы 63-і "Алтын белгі" иегері атанды. Оқушылардың жетістіктер қоржынында химия, математика, информатика, қазақ тілі, география, тарих, физика пәндерінен республикалық және халықаралық олимпиадаларда жеңіп алынған 60 алтын, 90 күміс және 150 қола жүлделер бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -