Алина Дауранова Әлем кубогінің финалында алтын медаль жеңіп алды

779

Қазақстандық конькимен жүгіруші Алина Дауранова Германияның Инцель қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің финалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта жүріп өтті. Бұл нәтиже оған бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Нидерландыдан келген спортшы Пьен Херсман күміс медаль иеленді, ал итальяндық Серена Паркер үштікті түйіндеді.

Бұдан бөлек, Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта жалпы есепте жеңімпаз атанды. Дәл осы қашықтықта жалпы есепте қазақстандық Никита Важенин үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, жарысқа 28 елден 218 спортшы қатысуда.

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі 5 ақпанда аяқталады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -