Мемлекет 4.0 индустриясына ауысатын кәсіпорындарды қолдауға дайын

982

Үкімет қолдау көрсетуден бастап шығындардың бір бөлігін өтеуге дейінгі заманауи цифрлық технологияларды енгізетін кәсіпорындар үшін қолдаудың бірнеше жолын ұсынуға ниетті, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық кәсіпорындарда заманауи цифрлық технологияларды енгізу басымдықтарын «Индустрия 4.0: автоматтандырудан цифрландыруға» панельді сессиясы шеңберінде Digital Almaty V Халықара цифрлық форумының қатысушылары талқылады.

«Біз Индустрия 4.0 бағытында қозғалыс барын көріп отырмыз. Өнеркәсіп орындарының қызығушылығы бар, IT-технологияларды, роботтандыруды енгізуде қазірдің өзінде тәжірибе бар. Үкімет қабылдап жатқан шешімдер индустрия және технологияны дамыту мен алға жылжытуда нәтижесін береді деп үміттенеміз» Динара Щеглова

Ол былтыр министрліктің қазақстандық «QazIndustry» индустрия және экспорт орталығымен бірлесіп, арнайы семинарлар мен кәсіпорындарды зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастағанын еске салды. Сондай-ақ былтыр қолданыстағы "Өнеркәсіп туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, оған қазір «Индустрия 4.0» бойынша негізгі нормалар қосылды.

«Біз сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарадық. Мемлекет IT енгізу шығындарын өтейтін болады. Өнеркәсіп орны өз кәсіпорнында IT-инфрақұрылымды дамытуға қандай да бір шығынға ұшыраған жағдайда, біздің өнеркәсіпті дамыту институты арқылы шығындарының 50% -ын өтей алады. Бұл жайлы арнайы нормативті-құқықтық актілер қабылданды»  Динара Щеглова

Оның айтуынша, қазір министрлік роботтандыруды дамыту мәселесін жеке қарастыруда.

«Біз роботтандыру тұжырымдамасын, кәсіпорындар үшін алдағы 2-3 жылға арналған қысқа мерзімді жоспар жазуды, мемлекеттік қолдау шараларын қарастыруды жоспарлап отырмыз және индустриялық гранттар беру мәселесі пысықталуда» Динара Щеглова
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -