Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаздар марапатталды

734

Қарағанды облысында өткен жылы ұлттық спорт түрлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бәйге жарысына қатысқан жеті жаттықтырушы мен шабандоздар атап өтілді. Шет ауданының тәлімгері Бекболат Серікбеков "Үздік бапкер – 2022" атағына ие болды.

– Бізде сегіз жылқы бар. Мен Тайфунды екі жылдан астам уақыт бойы жаттықтырып келемін және ол бірнеше рет бірінші орындарды иеленді. Сонымен қатар, Бақторы есімді жылқы өткен жылы көлік жеңіп алды. Біз екі шабандозбен де үнемі жаттығулар өткіземіз. Олардың жасы 10-да. Біздің жетістіктерімізді елеп жатқанына қуаныштымыз, бұл әрі қарай дамуға ынталандырады. Біз одан әрі нәтижелерге қол жеткізіп, бәйгені дамытамыз, – деді Бекболат Серікбеков.

Сондай-ақ, түрлі номинацияларда аудараспақ, жамбы ату, садақ ату және асық атуда, көкпарда үздік нәтижелерге қол жеткізген жылқылар, жаттықтырушылар мен спортшылар марапатталды.

Ақтоғай ауданы Ә.Болғанбайұлы атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерболат Қаржаубай асық атудан "Үздік спортшы – 2022" атағына ие болды.

– 2022 жылы мен ұлттық құрама сапында Румынияда өткен асық атудан бірінші Әлем чемпионатына қатыстым. Онда бірінші орынға ие болып, әлем чемпионы атандым. Оқушыларымның да жақсы нәтижелері бар, – деп атап өтті Ерболат Қаржаубай.

Көкпарды ерекше дамытқаны, оны жаңа деңгейге көтергені үшін Ақтоғай ауданы марапатқа ие болды. Ал көкпардан Қарағанды облысының ересектер арасындағы біріншілігінің жеңімпазы атанған Нұра ауданының спортшылары "Үздік команда – 2022" атағына ие болды.

Садақ атудан "Үздік спортшы – 2022" атанған Юлия Ни 14 жасынан бастап ат спортымен айналысады, ал 17 жасында садақ атумен айналысқан. Өткен жылы ол садақ атудан Қазақстан чемпионы атанды.

– Қазір мен жаяу да, ат үстінде отырып та садақ атамын. Маған бұл өте ұнайды. Әрине, қиындықтар бар: жинақы болу керек және алаңдамау керек. Ата-анам мені қолдайды. Көкшетауда жамбы атудан 3-ші орынды иелендім, ал садақ атудан Маңғыстауда ҚР бірінші чемпионатында бірінші болдым. Қазір көктемгі жарыстарға дайындалып жатырмын, – деп бөлісті Юлия.

Көп жылдар бойы ұлттық спорт түрлерін дамытуға көмек көрсетіп келе жатқан меценаттар да атап өтілді.

Сондай-ақ, спорт басқармасында бәйге бойынша жаңа Федерация президентін таныстырды. Осы жылдан бастап ұлттық спорттың әр түрі жеке федерацияға кіруі керек.

– Бұрын барлық тоғыз түр бір федерацияда болған, енді олар бөлек болады. Менің ойымша, бұл ұлттық спорттың дамуына оң әсер етеді. Бізде бәйге федерациясы құрылды. Оның президенті болып Асылназ Жұмашев тағайындалды, ал бас мемлекеттік жаттықтырушы – Алтай Бимен болады, – деді Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлері федерациясының президенті Нұржан Шайхин.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -