Қазақстанда кейбір салықтық тексерулер жойылды

871
Фотосурет: МКК

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулер жойылды, олар Салық кодексінде тексерулердің жаңа түрі - тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер ретінде енгізілді. Мұндай тексерулерді тағайындау ерекше тәртіппен жүргізілген тексерулерге ұқсас. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Сонымен қатар, бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Салық кодексінің (146-бап) ережелерімен Мемлекеттік кірістер органдарының хронометраждық тексеру жүргізу мерзімдерін 30 жұмыс күнінен артық ұзарту мүмкіндігі алынып тасталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл ретте, салық төлеушінің салықтық тексеру актісін алудан бас тартқан жағдайлары үшін куәгерлерді тарта отырып хаттама (акт) жасау жолымен тексеру актісін тапсыру рәсімі регламенттелген (158-бап). Мәселен, іс жүзінде мемлекеттік кірістер органында тексеру актісін алудан бас тартуға байланысты белгіленген мерзімде салықтық тексеруді аяқтау мүмкіндігі болмаған жағдайлар туындайды. Осыған байланысты, мұндай жағдайларда куәгерлерді тарта отырып, хаттама (акт) жасалуы мүмкін және мұндай хаттама (акт) жасалған күн актіні тапсыру күні болып есептеледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -