Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметі egov.kz сайтында қолжетімді болды

748
Фотосурет: АР

Әділет министрлігінің Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметі egov.kz сайтында қолжетімді болды Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, сондай-ақ "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ-мен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жеңілдету бойынша жаңа жобаларды қолға алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Енді міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін egov.kz сайтында бір жұмыс күні ішінде оnline режимінде көрсетіледі.

Ол үшін egov.kz сайтында авторизациядан кейін "Бизнес" → "бизнесті тіркеу және дамыту" → "Бизнесті тіркеу және тарату" → "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу" бөлімінде тиісті өтінімді толтыру қажет. Өтінімде жылжымалы мүліктің түрін көрсету, растайтын құжатты бекіту, электрондық төлем жасау және ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Өтінімді өңдеу нәтижесін Жеке кабинетте, "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде бақылауға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -