Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен 1995 жылы құрылған.
Отыз жылға таяу уақыт қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосып келе жатқан әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстық.
– Біздің əскери бөлімнің тарихы ел тəуелсіздігінің нығаюымен тығыз байла- нысты. Отанымыз егемендігін жариялаған соң елде тұрақтылықты сақтау – басты міндеттің бірі еді. 1995 жылы 20 ақпанда Орал қаласында бұрынғы 5515 əскери бөлімінің батальоны базасында қоғамдық тəртіпті сақтау жəне 16-түзету мекемесін күзету міндеттерін орындау үшін 5517 əскери бөлімі құрылды, – дейді осы бөлімнің жедел мақсаттағы батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы Медет Мұхтаров. Біз барған кезде əскери бөлімде «ашық есік күні» болып, қаладағы мектеп оқушылары мен оқу орындарының студенттері де келген екен. «Отан қорғаушылар күні қарсаңында осындай іс-шара ұйымдастырдық. Үш күн ішінде бізге 900-ге жуық адам келіп, жауынгерлердің күнделікті өмірімен танысады, əскери техникаларды көреді. Мақсатымыз – Отан қорғау ісіне жас буынды қызықтыру, патриоттық тəрбие беру», дейді тәрбие бөлімшесінің бастығы майор Нұртілек Ғалымжанов. Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның əскери бөлімінде Қазақстанның барлық өңірінен келген сарбаздар қызмет етеді. Əсіресе оңтүстік өңірден жігіттер көп келеді. Дегенмен соңғы кезде ата-аналар өз ұлдарының əскери борышын туған жеріне жақын бөлімде өтеуін талап ететін болған. Соған орай Оралда Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан келген сарбаздар да көбейген екен.
– Əскерге жаңадан келген жас сарбаз бір жарым ай оқу пунктінде болады. Осы жерде əскери тəртіпті, сапта жүруді, қару қолдануды үйренеді. Сосын барып əскери ант қабылдайды. Дайындық кезінде бірден болашақ мамандығына қарай білім алады. Яғни байланысшылар бөлек, жүргізушілер бөлек, түзеу мекемесін күзететіндер бөлек, көше тəртібін қадағалайтындар бөлек дайындалады. Сарбаздарды əр салаға бөлгенде де барлық параметрін қараймыз, отбасылық жағдайын ескереміз. Əскери қызметшілерге анализ жасап отырамыз, – дейді штаб бастығы. Ұлттық ұлан негізінен ішкі тəртіпті қадағалайды. Соның ішінде жедел мақсаттағы батальон жауынгерлері көше тəртібін тексеріп, күні-түні кесте бойынша рейд жүргізеді. Осы қызметте жү- ріп көзге түскен, алғыс алған сарбаздар да аз емес. Əсіресе Орал қаласының көшелерінде түрлі оқиға болып жатады.
– Өткен жолы 2-жедел мақсаттағы рота командирі, капитан Исатай
Нұрсейітов бастаған əскери жасақ қатарында рейдке шықтым. Əскери жасақ өздеріне берілген аймақты толық тексеріп, кезек-шіге аймақтағы жағдайды рация арқылы баяндап отырды. Шамамен кешкі сағат 18.00 кезінде рацияға Орал шаhарының алтыншы шағын ауданында бір адам ұялы телефонын жоғалтып алғаны жөнінде хабар келіп түсті. Хабарды естіген ұландықтар жедел іздестіруге көшті. Арада 20 минут өткенде əскери жасақ құрамындағы қатардағы жауынгер Рауан Бақытжан жол жиегінен «Samsung А30» маркалы телефонды тауып алды. Көп кешікпей телефон иесіне қайтарылды, – дейді осы оқиғаға тікелей куə болған капитан Исатай Нұрсейітов . Əскерилердің айтуынша, мұндай оқиға қала көшелерінде жиі болады екен. Жоғалған балаларды іздеу, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек ісінде де сарбаздар сенімді қолғанат. Биылғы көктемде Батыс Қазақстан облысының біраз аумағында су тасқыны қаупі күшті болды. Сол бір қысылтаяң күндері де 5517 əскери бөлімінің жауынгерлері қиын учаскелерде уақытпен санаспай жүріп, халықты апаттан құтқарды. Жыл басынан бері өткен үш ай ішінде 5517 əскери бөлімінің жауынгерлері полиция қызметкерлерімен бірлесе жүріп түрлі құқық бұзғаны 150-дей азаматты ішкі істер органдарына жеткізген екен. Осылардың 22-сі қылмысқа қатысты күдікті болса, 128-і əкімшілік құқық бұзғандар болып шығыпты. Капитан Медет Мұхтаровтың өзі əскери білімді Қызылжар қаласында алған. 4 жыл оқудан соң 3 жыл Өскемен қаласында əскери борышын өтеген. 2018 жылы отбасылық жағдайымен Орал қаласына ауысып келген. Міне, содан бері 5517 əскери бөлімінде ең төменгі лауазымдардан бастап жоғары өрлеп келеді.
– Бұрынғы балалар, əскерге шақырылғандар ең құрығанда турникке жақсы тартылатын еді. Қазіргі жастар телефонға тым байланып қалған. Физикалық дайындығы өте нашар. Бірақ біз бір жыл ішінде болбырдан ширақ, шаладан нағыз жауынгер тəрбиелеп шығамыз, – дейді штаб бастығы. Рас, əскери өмір жасөспірім жігітті қиындықтан қайыспауға, Отан қорғауға үйретеді. Əскер – арық адам толысып, толық адам сымдай тартылып қайтатын жер. – Осы жерде қиындық көріп, шыңдалған əр сарбаз үйіне қайтып бара жатып командирлеріне рахметін айтып кетеді. Əскерге салмағы 100-110 келі болып келіп, 30 кг тастап, кетерінде сымдай тартылған сымбат тауып қайтқан жігіттер бар. Сарбаздар арасында болашақ өмірін əскери қызметке бағыштағандары да аз емес. Əлеуметтік желідегі парақшаларымызға да бұрынғы сарбаздарымыз пікір жазып, алғыс білдіріп жатады. «Кезінде əскердің қадірін түсінбеппіз. Көп нəрсені сол жерден үйрендік» дегендей шынайы пікірлерді оқығанда, еңбегіміздің еш кетпегенін түсінеміз, – дейді жедел мақсаттағы батальон командирі капитан Дәурен Рахымбеков. Əскери бөлім орналасқан қалашық облыс орталығында бір квартал аумақты алып жатыр. Мұндағы тазалық, тəртіп ерекше. Бөлім құрамында бірнеше ба- тальон, жедел мақсаттағы роталар, қамтамасыз ету ротасы, автомобилистер взводы – бəрі бірін-бірі толықтырып, бір мақсатқа жұмыла қызмет етеді. Əрине, жаманаттан Құдай сақтасын, бірақ түрлі жағдайға да дайындық күшті. Биыл 5517 əскери бөлімі 4 жылда бір келетін қорытынды тексеріске əзірлік үстінде екен. Əңгіме арасында əскердегі əлім- жеттік, тəртіп мəселесін де сөз еттік. Бір тəуірі, мұнда сарбаздардың ата-аналары, отбасыларымен тығыз байланыс орнатылған екен. Бөлімдегі ішкі ынтымақ, сабақтастық жақсы қалыптасқан.
– Мен Алматы қаласында туып-өстім, жасым 22-де. Оңтүстік астанадағы №82 мектепті тəмамдап, Алматы технологиялық институтында мейрамхана ісі жəне қонақүй бизнесі мамандығы бойынша білім алдым. Жоғары оқу орнын бітірген соң бірден əскери комиссариатқа барып, өз еркіммен əскерге сұрандым, – дейді қатардағы жауынгер Ислам Ебілдаев. Ислам Оралдағы əскери бөлімге 2022 жылы 21 мауымда түсіпті. Елге қайтуына екі айы қалған. «Бұрын Алматыдан басқа еш жерге шығып көрмеген едім. Əскери комиссариатта «Шымкент пен Оралға жасақтап жатырмыз» деді. Оралға сұрандым. Оралдың ауасы таза, маған ұнады. Осы жерден ең жақын достар таптым», дейді Ислам. Айтпақшы, Ислам Ебілдаев – соңғы оқу жаттығу жиынында нысана көздеуден полк бойынша үздік шыққан жауынгер. Ол Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, командирлерінің талай ма- рапатына ие болған. Осындай сарбаздар – Отанның нағыз қорғаны.
...Əскери қалашықтан шыққанымызда, «ашық есік» іс-шарасына қатысып, мұндағы өмірді өз көзімен көрген жас жеткіншектер де бұл жерден алған əсерін бір-біріне айтып жеткізе алмай, дабыр- ласып барады екен. Олардың арасынан болашақта Отан қорғайтын ұландар аз болмайтынына сендік.
Қазыбек Құттымұратұлы