Жауынгерлік қызметте сабырлық пен сақтық қажет

6116
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімі  Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен 1995 жылы құрылған. Отыз жылға таяу уақыт қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосып келе жатқан бөлімнің тыныс - тіршілігімен танысу мақсатында әскери бөлімге барып жауынгерлік қызмет барысымен танысқан болатынбыз.

Орал шаhарында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің тарихы ел тəуелсіздігінің нығаюымен тығыз байланысты. Еліміз егемендігін жариялаған соң елде тұрақтылықты сақтау – басты міндеттің бірі болды. 1995 жылы 20 ақпанда Орал қаласында бұрынғы 5515 əскери бөлімінің батальоны базасында қоғамдық тəртіпті сақтау жəне 16-түзету мекемесін күзету міндеттерін орындау үшін 5517 əскери бөлімі құрылған екен.

Біз барған кезде əскери бөлімде «ашық есік күні» болып, қаладағы мектеп оқушылары мен оқу орындарының студенттері де келген екен.

«Отан қорғаушылар күні қарсаңында осындай іс-шара ұйымдастырдық. Үш күн ішінде бізге 500-ден астам оқушылармен студенттер келіп, жауынгерлердің күнделікті өмірімен танысты, əскери техникалар мен қару-жарақтарды көрді. Мақсатымыз – Отан қорғау ісіне жас буынды қызықтыру, патриоттық тəрбие беру», дейді 5517 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сарсенов.

Оралдағы əскери бөлімде Қазақстанның барлық өңірінен келген сарбаздар қызмет етеді. Əсіресе оңтүстік өңірден жігіттер көп келеді. Дегенмен соңғы кезде ата-аналар өз ұлдарының əскери борышын туған жеріне жақын бөлімде өтеуін талап ететін болған. Соған орай Оралда Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан келген сарбаздар да көбейген екен.

– Əскерге жаңадан келген жас сарбаз бір жарым ай оқу пунктінде болады. Ол жерде болашақ ұландар əскери тəртіпті, сапта жүруді, қару қолдануды үйренеді. Сосын барып əскери ант қабылдайды. Дайындық кезінде бірден болашақ мамандығына қарай білім алады. Яғни байланысшылар бөлек, жүргізушілер бөлек, түзеу мекемесін күзететіндер бөлек, көше тəртібін қадағалайтындар бөлек дайындалады. Сарбаздарды əр салаға бөлгенде де барлық параметрін және моральдық психологиялық жағдайын қараймыз, отбасылық жағдайын ескереміз. Əскери қызметшілерге анализ жасап отырамыз, – дейді әскери бөлімнің психолог маманы капитан Айнұр Закарияқызы.

Ұлттық ұлан негізінен ішкі тəртіпті қамтамасыз ететін әскер. Соның ішінде жедел мақсаттағы батальонның жауынгерлері көше тəртібін қадағалап, күні-түні кесте бойынша өздерінің жауынгерлік қызметтерін атқарады. Осы қызметте жүріп көзге түскен, алғыс алған сарбаздар да аз емес.

Оған мысал ретінде күні кеше ғана Батыс Қазақстан облысына қарасты аудандар мен ауылдарды су басу кезінде осы жедел мақсаттағы батальонның жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының сержанты ерекше көзге түсті.

Орын алаған оқиғаға көз жүгіртетін болсақ, ағымдағы жылдың 21-сәуір күні  Орал қаласының іргесінде орналасқан Жайық өзені маңындағы

1,2,3 саяжайында жасанды бөгетті судың шаюуы салдарынан белгісіз бір ер азамат ағысқа тойтарыс бере алмай суға ағып кеткен. Осы кезде сол ауданның қоғамдық тәртібін қамтамасыз етіп жүрген 5517 әскери бөлімнің жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының сержанты және жергілікті жердің тұрғындары дереу көмекке ұмтылады. Нәтижесінде барлығы бір-бірінің қолынан ұстап тізбектеліп суға кеткен ер адамды жағаға алып шығады. Осы іске Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімнің қызметкері ефрейтор Асқап Нұрбол белсене ат салысып, көрсеткен ерлігі үшін марапатта алып үлгеріпті.

-  Мен сол күні өзіме берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген болатынмын. Кенеттен аталмыш аймаққа тасқын су келіп барлық жерді су шая бастады. Сол мезетте жергілікті жердің тұрғыны 60 жастағы қарияның топан судың ағынына төтеп бере алмай суға батып бара жатқанын байқап, барлығымыз бірігіп суға түсіп қарт кісіні жағалауға алып шықтық-дейді,- оқиға орнында тұрғынға көмек қолын созған Ұлттық ұлан жауынгері  ефрейтор Асқап Нұрбол.

Əскерилердің айтуынша, мұндай оқиғалар жиі болады екен. Жоғалған балаларды іздеу, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету, жоғалған немесе ұрланған ұялы телефонды тауып егесіне қайтару ісінде де ұландықтар белсенді. Биылғы көктемде Батыс Қазақстан облысының біраз аумағында су тасқыны қаупі күшті болды. Сол бір қысылтаяң күндері Орал қаласында орналасқан 5517 əскери бөлімінің жауынгерлері күні-түні қиын учаскелерде уақытпен санаспай жүріп, халықты апаттан құтқау ісіне белсене ат салысқан.

– Өткен жолы жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының командирі, аға лейтенант Әбдужаппар Бекарыс бастаған əскери жасақ қатарында қала көшелеріне бізде қызметке шықтық. Əскери жасақ өздеріне берілген аймақты толық тексеріп, кезекшіге аймақтағы жағдайды рация арқылы баяндап отырды. Шамамен кешкі сағат 18.00 кезінде рацияға Орал шаhарының алтыншы шағын ауданында бір адам ұялы телефонын жоғалтып алғаны жөнінде хабар келіп түсті. Хабарды естіген ұландықтар жедел іздестіруге көшті. Арада 30 минут өткенде əскери жасақ құрамындағы қатардағы жауынгер Рауан Бақытжан жол жиегінен «Samsung А30» маркалы телефонды тауып алды. Көп кешікпей телефон иесіне қайтарылды!

Жыл басынан бері өткен бес ай ішінде 5517 əскери бөлімінің жауынгерлері полиция қызметкерлерімен бірлесе жүріп түрлі құқық бұзғаны үшін 160-тан астам азаматты ішкі істер органдарына жеткізген екен. Осылардың 22-сі қылмысқа қатысты күдікті болса, 138-і əкімшілік құқық бұзғандар болып шығыпты.

Аға лейтенант Бекарыс Әбдужаппардың  өзі əскери білімді Қызылжар қаласында орналасқан Ұлттық ұланның әскери жоғарғы оқу орнында алған. Төрт жылдық әскери оқудан соң 2 жыл еліміздің бас қаласы Астана қаласында əскери борышын өтеген. 2022 жылы  қызмет барысымен Орал қаласына ауысып келген. Міне, содан бері 5517 əскери бөлімінде рота командирі лауазымын атқарып келеді.

– Бұрынғы балалар, əскерге шақырылғандар ең құрығанда турникке жақсы тартылатын еді. Қазіргі жастар телефонға тым байланып қалған. Физикалық дайындығы өте нашар. Бірақ біз бір жыл ішінде болбырдан ширақ, шаладан нағыз жауынгер тəрбиелеп шығамыз, – дейді рота командирі.

Рас, əскери өмір жасөспірім жігітті қиындықтан қайыспауға, Отан қорғауға үйретеді. Əскер – арық адам толысып, толық адам сымдай тартылып қайтатын жер.

– Осы жерде қиындық көріп, шыңдалған əр сарбаз үйіне қайтып бара жатып командирлеріне рахметін айтып кетеді. Əскерге салмағы 100-110 келі болып келіп, 30 кг тастап, кетерінде сымдай тартылған сымбат тауып қайтқан жігіттер бар. Сарбаздар арасында болашақ өмірін əскери қызметке арнағандары да аз емес. Əлеуметтік желідегі парақшаларымызға да бұрынғы сарбаздарымыз пікір жазып, алғыс білдіріп жатады. «Кезінде əскердің қадірін түсінбеппіз. Көп нəрсені сол жерден үйрендік» дегендей шынайы пікірлерді оқығанда, еңбегіміздің еш кетпегенін түсінеміз деп өз ойымен бөлісті, – рота командирі аға лейтенант Бекарыс Әбдужаппар.

Əскери бөлім орналасқан қалашық облыс орталығында бір квартал аумақты алып жатыр. Мұндағы тазалық, тəртіп ерекше. Бөлім құрамында бірнеше

батальон, жедел мақсаттағы роталар, қамтамасыз ету ротасы, автомобилистер взводы бəрі бірін-бірі толықтырып, бір мақсатқа жұмыла қызмет атқарып келеді.

Əңгіме арасында əскердегі əлім-жеттік, тəртіп мəселесін де сөз еттік. Бір тəуірі, мұнда сарбаздардың ата-аналары, отбасыларымен тығыз байланыс орнатылған екен. Бөлімдегі ішкі ынтымақ, сабақтастық жақсы қалыптасқан. Тіпті рота, взвод командирлері сарбаздардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу үшін ватсап әлеуметтік желісінде арнайы топтар да ашып қойған екен.

– Мен Жамбыл облысына қарасты Шу ауданы Төлеби ауылында  туып-өстім, жасым 19-да. 2020 жылы өзімнің ауылымда орналасқан Ермұхан Бекмаханов атындағы қазақ орта мектебін тəмамдап, Алматы қаласына  технологиялық институтында мейрамхана ісі жəне қонақүй бизнесі мамандығы бойынша білім алдым. Жоғары оқу орнын бітірген соң бірден əскери комиссариатқа барып, өз еркіммен əскерге сұрандым, – дейді қатардағы жауынгер Шахназар Байсейтов.

Шахназар Оралдағы əскери бөлімге 2023 жылы 21 мауымда түсіпті. Елге қайтуына бір айдан астам уақыт қалған. «Бұрын оңтүстік өңірден басқа еш жерге шығып көрмеген едім. Əскери комиссариатта «Шымкент пен Оралға жасақтап жатырмыз» деді. Оралға сұрандым. Оралдың ауасы таза, жап-жасыл көрікті қала екен, маған өте қатты ұнады. Осы жерден ең жақын достар таптым», дейді Ұлттық ұлан сарбазы Шахназар.

Осы тұста айта кетейік, Шахназар Байсейтов– соңғы оқу жаттығу жиынында нысана көздеуден полк бойынша үздік шыққан жауынгер. Ол Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, командирлерінің талай

марапатына ие болған. Осындай ер жүрек және батыл сарбаздар – Отанның нағыз қорғаны емеспе?!

Капитан Ертуған Әубәкір

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -