3718
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизоны

Шоқан Уәлиханов атындағы Жас Ұлан лицейінде тәрбиеленушілері салтанатты антын қабылдады. Іс-шара ата-аналардың, ардагерлердің және тәрбиеленушілердің қатысуымен өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқу орнының саптық алаңына офицерлер, шақырылған қонақтар мен ата-аналар жиналды. Саптық қадаммен бірінен соң бірі шығып, ұландар өмір бойы есте қалатын салтанатты ант мәтінін айтты.

Жаңадан лицей қабыоғасына келген ұландарды запастағы полковник Александр Коновалов құттықтап Ұлан антының маңыздылығын атап өтті:

 - Сіздер қазір үлкен отбасының бір бөлігісіздер және иығыңызда «ұлан» атағын алып жүрсіздер. Сіздер ұлан антының талаптарын абыроймен орындайсыздар деп үміттенемін. Барлық ата-аналарды осы атаулы күнмен құттықтаймын.

Жас Ұлан лицей интернаты - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әскери бағытта жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру мекемесі. Оқушылар оқу орнының қабырғасында тәулік бойы болу жағдайында үздіксіз әскери оқыту үдерісінен өтеді - бұл күн тәртібін, белгіленген талаптарды орындау, әскери киім мен атрибутика кию, ұландардың ар-намыс кодексін сақтау. Әскери істің негіздері 5-сыныптан бастап оқытылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -