Алматыда тәрбиеші-офицерлермен Тәжірибелік дайындық басталды

4290
Фотосурет: "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Алматыда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастықтары, батальон командирлерінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарлары және әскери қоғамдық ұйым төрағаларымен үш күндік практикалық дайындық басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алқалы жиынға Алматы, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда және Тараз қалаларынан келген 50-ге жуық Ұлттық ұланның тәрбиешілері мен әскери қоғамдық ұйымдардың төрағалары қатысуда. 

Дәстүрлі шара Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапхана ғимаратында өтуде.

Тәрбиеші офицерлермен алғашқы сабақты бас тәрбиеші полковник Ниязтай Әлкешев пен Алматы қалалық мәслихат депутаты Елена Бакарасова бастап, «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Президент жолдауының басым бағыттары мен нақты міндеттерін жеткізді. Ары қарай жиынның сабақ кестесіне сәйкес жоспарланған дәрістер өз жалғасын тапты.

Айта кетейік аталмыш жиын алдағы екі күн бойы өткізіліп, 27 қыркүйек күні қортындыланатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -