Алматы прокуратурасы маркетплейспен ынтымақтастық туралы жариялады

4774
Фотосурет: Gov

Алматы қаласының прокуратурасы мен полициясы «Яндекс Еда Казахстан» ЖШС-мен меморандумға қол қойды, сондай-ақ «ОЗОН Маркетплейс Казахстан» ЖШС-мен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ынтымақтастық құқық бұзушылықтың алдын-алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған.

Өзара іс-қимыл шеңберінде жарнаманы және тыйым салынған заттарды таратуды тоқтату көзделген.

Аталған шаралар оңтүстік астананың тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -