Аягөз қаласында орналасақан 97616 әскери бөлімі Шығыс Қазақстан және Абай облысынан келген 60-қа жуық жас өрендермен толықты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жоспарға сәйкес жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырын үйренетін болады. Жас сарбаздарды әскери қызметке бөлім командирімен бекітілген таңдаулы және кәсіби деңгейдегі офицерлер мен сержанттар дайындайды.
Сонымен қатар, жас толықтырушыларға терең психологиялық тестілеу мен таныстыру жұмыстары ұйымдастырылады. Жас сарбаздар ротасының әкімшілік құрамы әр сарбазбен жеке сұхбат жүргізіп, оларды толық мәліметпен таныстырады.
Әскери бөлімде жас сарбаздардың келуіне барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі құрылды. Бір ай ішінде болашақ әуе шабуылына қарсы әскери бөлімінің сарбаздары жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құқықтық дайындық және жауынгерлік дайындық сабағы бойынша білім алатын болады. Сондай-ақ, жас сарбаздар өздеріне қолданысқа берілетін әскери техникалармен, қару-жарақ және басқа да әскери құралдармен танысып, оларды дұрыс қолдану тәсіліне үйренеді Деді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Нұржан Сыздықов
Әскери борыштарын өтеуге келген оғландар өздерінің бір жыл қызметтері барысында нағыз шыңдалған ер азамат болып шығатындарына сенімді.