Мектептегі өзін-өзі басқару іс жүзінде: оқушылар өз омбудсмендерін сайлады

1056
Фотосурет: uleoparda.ru

40 балалар омбудсмені мектеп оқушыларының мүддесін республикалық деңгейде қорғайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында балалар омбудсмендерін сайлау өтті. Іріктеу нәтижесінде Республикалық кеңес құрамына еліміздің түкпір-түкпірінен 40 жас құқық қорғаушы қабылданды. Енді олар Қазақстанның барлық өңірлерінде оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалыспақ.

Балалар омбудсмендері – бала мен мемлекет арасындағы сенімді дәнекер. Жастар өз замандастарының құқығын қорғауға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етеді, әлеуметтік бастамаларды қолдайды, балалардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын насихаттайды. Сонымен қатар, жас омбудсмендер бала мүддесін ескеретін мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Басты назар – балалардың өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған. 

«Біз үшін әр баланың өз тағдырына қатысты шешімдерге үн қосып, ықпал ете алуы аса маңызды. Балалар омбудсмендері – баланың үні естіліп қана қоймай, ескерілетін жүйенің ажырамас бөлшегі. Біз оларды балалардың құқықтарын қорғаудағы сенімді серіктестеріміз деп білеміз. Өйткені олардың көмегімен біз балалардың көзқарасын тереңірек түсініп, шынайы әрі нақты шешімдер қабылдай аламыз» ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ (@oqu_agartu_ministrligi)

Еске сала кетейік, балалар өкілдігі институты өз қызметін 2020 жылдан бері   атқарып келеді. Жыл сайын еліміздің барлық білім беру ұйымдарында өтетін балалар омбудсмендерінің сайлауы бүгінде балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -