Қытайдың тұтыну бағаларының индексі тамызда 0,8% өсті

24882

Қытайдың инфляцияның негізгі көрсеткіші - тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) тамызда жылдық есептеу бойынша 0,8% өсті, деп  көрсетті Ұлттық статистика бюросының (NBS) бейсенбіде жарияланған деректері.

 Бұл көрсеткіш шілдеде тіркелген жылдық есептеу бойынша 1 пайыздық өсімнен төмен болды.

 Өсудің неғұрлым баяулауына ішінара азық -түлік бағасының төмендеуі әсер етті, ол өткен айда жылдық есептеу бойынша 4,1 пайызға төмендеді.  Атап айтқанда, Қытайдағы негізгі ет - шошқа етінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 44,9 пайызға түсті.

 NBS -тің аға статистика маманы Дун Лицзюань үкіметтің үздіксіз әрекеттері тұтыну нарығында мол ұсыныс пен тамызда бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етті деп мәлімдеді.

 Үкiметтiң биылғы жұмыс нәтижелерi бойынша есебіне сәйкес, Қытай тұтыну инфляциясының нысаналы көрсеткішін 2021 жылға шамамен 3% деңгейiнде белгiледi.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -