Қытай Ресеймен энергетика саласында ынтымақтастықты кеңейтеді

8512

Қытай мен Ресей Энергетикалық ынтымақтастығы комитетінің 18-ші отырысында Қытай Премьер-министрінің орынбасары Хань Чжэн Ресеймен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

 Бұл туралы Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі Хань Чжэн Қытай астанасы Бейжіңде, 2021 жылдың 17 қарашасында бейнебайланыс арқылы Ресей вице-премьері Александр Новакпен тең төрағалық кездесуінде мәлімдеді.
  
 Қытай өкілі «Екі ел ортақ, бірақ сараланған жауапкершілік қағидасын ұстанып, көпжақтылықты жүзеге асырып, энергияны басқарудың жаһандық жүйесін ілгерілете отырып, жаһандық энергетиканы басқару және климаттың өзгеруіне қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастықты күшейтуі керек» деген ұсыныс жасады.

 Александр Новак ресейлік тараптың атынан «Ресей Қытаймен энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, жан-жақты ынтымақтастықты дамыту және екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығару үшін жұмыс істеуге дайын» ​​деді.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -