Shenzhen GBA China-Europeжүкпойызыныңрейстері 189-ға жетті

1554

Шэньчжэнь кедендік статистика мәліметтері Шэньчжэньдегі Үлкен шығанақ аймағында (GBA) бірінші Қытай-Еуропа жүк пойызы іске қосылғаннан бері 10 мамырдағы жағдай бойынша жалпы құны 5 млрд юань 109 000 тонна жүк тасымалдаған 189 пойыз жөнелтілгенін көрсетті, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Мұндағы «Үлкен шығанақ аймағы» немесе «GBA» Қытайдың экономикалық орталықтарының бірі Гуандун-Гонконг-МакаоҮлкен шығанағы аймағына қатысты.  Биылғы жылдың басынан бері Шэньчжэньде Қытай-Еуропа бағытындағы жүк пойыздары 41 рейс жасады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 51,9%-ға өсті.

 Қытай-Еуропа жүк пойыздарының үздіксіз жұмыс істеуіне толық кепілдік беру үшін Шэньчжэнь кедені Еуро-Азия мен АСЕАН-ды байланыстыратын көп өлшемді логистикалық желіні құру үшін жылдам үйлестіру механизмін құрып, логистиканы жеңілдету шараларының сериясын бастағаны белгілі болды, бұның мақсаты- Шэньчжэньдегі және көршілес аудандардағы кәсіпорындарға жаһандық деңгейге жетуге жақсырақ көмектесу.

 Қазіргі уақытта Қытай-Еуропа жүк пойызы негізінде Шэньчжэнь кедені Шэньчжэнь-Лаос халықаралық жүк пойызы және Гонконг жүк пойыздары сияқты бағыттарды дамытуға көмектесіп, Гонконг пен Макаоны Еуропамен және АСЕАНмен байланыстыратын көлік торабы ретіндегі рөлін толығымен жүзеге асырды. 

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -