Қытай шағын, орта және ірі компаниялардың симбиозын жасауда

1416

Қытай шағын, орта және ірі компаниялардың қызметінің барлық салаларын, соның ішінде өнеркәсіптік тізбектерді, жеткізу тізбегін және деректерді беруді толық біріктіруге ықпал етеді.

 Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі мен басқа да 10 мемлекеттік мекеме бірлесіп шығарған өкімхатқа сәйкес, Қытай 2025 жылға қарай озық технологияларға мамандандырылған және өндірістік құралдары бар көптеген шағын және орта фирмалар құруды мақсат етіп отыр.

 Интеграциямен және нарықтық талаптарға тиімді жауап берумен сипатталатын барлық көлемдегі кәсіпорындарды қамтитын жаңа экономика қалыптасады, ол үшін ірі кәсіпорындар өздерінің жобалау және әзірлеу мүмкіндіктерімен бөлісуге және жабдықтары мен зертханаларын кішірек әріптестерге қолжетімді етуге шақырылады.

 Одан бөлек, шағын кәсіпорындардың кітапханаларға және тиісті жобалардың деректер базасына еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету және интеграция үдерістерін ілгерілету үшін олардың өндірістік тізбегін тиісті ірі компаниялармен келісу тетігі әзірленуде, делінген өкімхатта.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -