Қытайда 358 шақырымдық жаңа жоғары жылдамдықты темір жол іске қосылды

1185

Қытай жылдың алғашқы төрт айында 581 шақырым жаңа теміржол желісін, оның ішінде 358 шақырымдық жоғары жылдамдықты темір жолын пайдалануға берді, деп көрсетеді China State Railway Group Co., Ltd. мәліметтері.

 Топтың мәліметінше, Қытай осы кезеңде темір жолдың негізгі капиталына 157,46 млрд юань (шамамен 23,21  миллиард АҚШ долларын) инвестициялады, бұл жылдық есептеуде 0,6%-ға өсті.

 Қытай теміржолшылары індетпен күресу күштерін үйлестіре отырып, 102 темір жол жобасын белсенді түрде жүзеге асырды, соның ішінде жаңа халықаралық «құрлық-теңіз» сауда дәлізін салу және Қытай-Еуропа жүк пойыздарын кеңейту.

 Бұрынғы мәліметтерге сәйкес, Қытайдың теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі сәуір айында жылдық есептеуде 10,1 пайызға өсіп, рекордтық деңгейге жетіп, 330 миллион тоннаны құрады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -