Құтқарушылар қар құрсауында қалған жүкті әйелге көмек көрсетті

528



Ақмола облысында құтқарушылар жүкті әйелді Макинск қаласының перинаталдық орталығына жеткізді.

1 наурыз күні сағат 16:42-де Бұланды ауданының 8-МӨСБ байланыс пунктіне қардың қалың жауып, жолдың болмауынан Карамышевка ауылынан жүкті әйелді ауруханаға жеткізе алмайтыны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Шақырту орнына көмек көрсету үшін құтқарушылар және дәрігерлер бригадасы тез арада “ТРЭКОЛ” автокөлігімен шықты. Олар қар құрсауында қалған жолдардан өтіп, ауылға жетті. Жедел жәрдем босанатын әйелді алып, ауылдан перзентханаға дейін 65 км қашықтықты жүріп өтті.

Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің арқасында жүкті әйелдің жағдайы жақсы, әйел мен баласының өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -