40 күн ішінде мас халде 40 жүргізуші көлік басқарған

874



Түркістан облысының полицейлері 40 күн ішінде мас халде көлік басқарған 40 жүргізушіні ұстады.

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады. Ағымдағы жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мас халде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптарды қатаңдатуы бойынша, тәртіп сақшылары жолдағы құқық бұзушыларға сан алуан рейдтік шараларды атқаруда. Әсіресе Түркістан облысы бойынша түнгі уақытта рейдке шығу патрульдік полиция қызметкерлерімен әдетке айналған. Соның нәтижесінде 2020 жылдың 1-қаңтарынан ақпан айының 10-на дейін 40 күн ішінде 40 жүргізуші мас халде ұсталды. Жіктеп айтар болсақ, өткен қаңтар айында – 31 адам, ал ақпанда -9 адам ұсталды.

Ұсталған адамдардың барлығына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттамалар толтырылған.

Облыс көлемінде ұсталған мас халдегі жүргізушілердің басым бөлігі полиция басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде орын алып отыр. Облыстық полицейлерге жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізу міндеті де қойылды. Себебі жол-көлік оқиғалары көбіне рөлге мас күйінде отыру салдарынан болады. Сондай-ақ жиі жол апатын тудыратын жайттар: жылдамдықты асыру, маневр жасау ережесін бұзу, көше қиылыстарын дұрыс өтпеу, қарсы бағытқа шығу. Жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың да жолда жүру ережесін бұзуы жол- көлік оқиғасына әкеп соғады. Сондықтан жолда жүргенде жол ережесін сақтау көлік жүргізушісіне де, жолаушыға да, жаяу жүргіншіге де қатысты.

Ең бастысы ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болмақ.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -