Бакуда Қазақстанның іскерлік ахуалы мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

424



2020 жылғы 12 ақпанда Бакуда Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Caspian European Club өңірлік ұйымы ұйымдастырған бизнес-конференцияға қатысты. Іс-шараға Әзербайжанның іскер топтарының түрлі сектордан 60-қа жуық өкілдері, «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ Бас директоры Талех Зиядов, Caspian European Club-тың мүшелері қатысты.

На изображении может находиться: 1 человек, толпа и в помещении

Конференция барысында дипломат тұсаукесерді көрсете отырып, қатысушыларды Қазақстандағы тартымды инвестициялық ахуалы, бизнес жүргізу мүмкіндіктері, инвесторлар үшін заңнамалық қолдау мен жасалған жеңілдіктері мен преференциялары, «Kazakh Invest» Ұлттық компанияның қызметі, сондай-ақ Қазақстанның 13 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақтарында жұмыс істеу жағдайлары туралы толықтай ақпараттандырды. Сонымен қатар, Әзербайжан кәсіпкерлері «Астана» Халықаралық қаржы орталығының жұмысымен, оның қатысушылары үшін құқықтық ерекшеліктері мен артықшылықтарымен де таныстырылды.

С.Әбдікәрімов әзербайжандық кәсіпкерлерді Қазақстандағы белсенді инвестициялық және іскерлік қызметке шақырды. Іс-шараның  қонақтары арасында ҚР-дың түрлі салаларындағы 70-тен астам инвестициялық жобалары ұсынылған арнайы буклеттер таратылды.

На изображении может находиться: 11 человек, люди стоят и в помещении

Caspian European Club Каспий-Қара теңіз және Балтық аймақтарының аумағындағы өз қызметін жүзеге асыратын әлемнің 70 елінің 5000-нан астам компаниялар мен ұйымдарды біріктіреді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -